Қазақстан Республикасының  ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімнің құрылғанына 10 жыл! Айтулы датаны әскерилер Түркістан сарайында салтанатты түрде атап өтті.  Шараға әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы, әскер ардагерлері қатысты. Олардың бірқатары марапатталып, арнайы төс белгі тақты.


Әскери бөлім 1960 жылы қолданыстағы 6506 әскери бөлімнің атқыштар батальонының базасында құрылған. Ал, негізгі тарихы 2013 жылдан басталады. Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №285 қаулысымен Шымкент қаласында жаңа құрама құру туралы шешім қабылданған.
Салтанатты шарада ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен ардагерлер марапатталды. Оның сапында Қызылордалық борышын өтеуші Еділ Сабыр да бар. Айтуынша әскерге келгеніне үш ай уақыт болған. Десе де үздік тәртібімен көзге түсіп үлгеріпті.  Ол көп уақытын түзеу мекемелерін күзетумен өткізеді екен.
6698 әскери бөліміне жүктелген басты міндет ол  – Түркістан облысына қарасты қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерін күзету және сотталған азаматтарды айдауылдау болып табылады. Еске сала кетейік, әскери бөлімнің жеке құрамы «қаңтар» оқиғасы кезінде қаладағы әкімшілік ғимараттарды қорғап, жауынгерлік тапсырмаларды орындаған. Ерекше қызметімен көзге түсіп «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісін таққандардың бірі 3 атқыштар рота командирінің орынбасары Бибол Сманов. Ол әскерилерді айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің сүйемелдеуімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасын тапты.