Биыл қазақтың біртуар ұлы, ақын, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқақтың туғанына 63 жыл. Мерейлі мерейтойға орай, Ордабасы ауданында салтанатты жиын өтті. Шұбарсу елді мекеніндегі «Достық» жалпы орта мектебінде атпал азаматтың атынан Әкімтану сыныбы ашылды.

 Әкім Ысқақ 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған. Шымкент педагогика институтының физика және Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Бүгін лентасы қиылған сыныпта осы деректер толыққанды жазылған.


Ділдәгүл Тынысбаева

«Достық» жалпы орта мектебінің директоры
- Бұл сыныпта 6-8 сынып оқушылары оқитын болады. Олар осы ағалары туралы барлық деректерге қанығып өседі. Әр дүйсенбіде 20 минут осындай патриотық бағытта сабакқ өтеді.


Әкім Ысқақ - тұңғыш қазақ тілінде «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жазған депутат. Осы заңның негізінде елімізде Көші-қон және демография жөніндегі Агенттік, облыстарда көші-қон басқармалары құрылды. Отанға оралу да, жәрдемақы да, баспанаалу да осы заңменіске асқан.


Әділ Ысқақ

Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
- Әкім Ысқақ ағамыздың 63 жасқа толуым аудан көлемінде атып өтіп жатырмыз. 1 жетіден бері аудан ажумағындағы барлық білім ошықтарында кездесулер өтті. Осы жиынның қорытындысы 7-сәуірде аудандық мәдениет үйінде үлкен концертпен өтеді.


Ақын бір кездері Ордабасы ауданы негізсіз таратылып бара жатқанда да депутаттық өкілеттігін пайдаланып ауданды, Ордабасы атауын сақтап қалды. Жиында осынау еңбектері ерекше айтылып, жастар ақынның ән-жырларын жатқа айтты.

Шұбарсу жұртын шаттық пен қуаныщқа бөлеп, төл перзентке төрден орын берген жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жергілікті тұрғындар тәй-тәй басқан бүлдіршіндердің тұсауын кестіріп, жерлестерінің иығына шапан жапты.


П.Биназарқызы