«Күн күркіреп, жаңбыр жауды; артынша аспан да ашылды». Мұндай көктемгі құбылыста қозықұйрық қаптайды деседі. Сәуірдің дәл осы сәті – саңырауқұлақ жинайтын уақыт. Ерекше дәмімен көпке ұнайтын гетеротрофты өсімдіктің жеуге жарамдысы мен улысын қалай ажыратамыз? Шымкенттегі «Қозықұйрық базары» аталып кеткен аумақтағы жағдай қалай? Әріптесім Күнту Арынбек саралап көрді.
Бұл – «Орталық қырғы базар» жанындағы Тәкен Әлімқұлов көшесі. Аумақ жергілікті тұрғындар арасында «қозықұйрық базары» аталып кеткен. Мұнда аудан-ауылдардан әкелінген саңырауқұлақтар көтерме бағада сатылып, базарлар мен дүкендерге жөнелтіледі. Биыл да саудагерлер бар-жоғы 15 күндік маусымды пайдаланып қалғысы келген. Алайда ...
Ал сатушылар саңырауқұлақ уақыты жылына бір-ақ рет келетін айтып, құзырлы органдардан сауда жасауға рұқсат беруін сұрайды.
Саудагерлер қозықұйрық жинап, оны бізге өткізіп жатқан ауыл-аймақтағылар да бір уақыт ақша тауып жатыр дейді.
Базар маңына саңырауқұлақтар Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының шеткі елді-мекендерінен әкелінеді екен.
Бағасы - алғашқыда жылқы етінен де асып түскен, 4000 теңге шамасында болған. Қазіргі уақытта қорабымен алғандар үшін 1200 теңге, ал келілеп алатындарға 1400-1500 теңге.
Бүгінде саңырауқұлақтың 100-ге жуық түрі бар. Қозықұйрықты жинау мен сатып аларда олардың түрін ажырата білу өте маңызды. Санитар мамандар саңырауқұлақтың жеуге жарамды және жарамсыз болып екіге бөлінеді, оның улысын тұтынған жағдайда адам өліп кетуі де мүмкін, дейді.
Саңырауқұлақтан уланудың алғашқы белгілері құсу, диарея, терлеу мен сілекейдің бөлінуі, қақырықты ылғалды жөтел, дем алудың қиындауы мен жүрек соғуының төмендеуі, көз қарашығының кішіреюі екен.
Мұндай белгілер пайда болғанда, тез арада жедел жәрдемге жүгіну қажет. Айта кетейік, Шымкент қаласында кейінгі 2 жылда саңырауқұлақтан улану дерегі тіркелмеген.
Күнту Арынбек