Оқуды бітіріп, диплом алған кез-келген жастың негізгі арманы – жұмысқа орналасу. Түлектердің осы мәселесін Орталық Азия Инновациялық Университеті оңтайлы шешіп отыр. Білім ошағы бітірушілерді тікелей жұмыс берушілермен кездестіруде. Мақсат – екі қолға бір күрек іздеп сабылмауы үшін жастарға жағдай жасау.


Жанерке Ағылбайқызы – Орталық Азия Инновациялық Университетінің 4-ші курс студенті. Әне-міне дегенше қолына диплом ұстайды. Жанерке жас маман ретінде жұмыс іздеп сабылмайды. Өйткені оқу орны ұйымдастырған жәрмеңкеде мамандығы бойынша жұмыс берушімен келісімшартқа қол қойған.


Бітіруші курс студенттерімен кездесуге 20-дан астам жұмыс беруші келді. Олар өздері ұсынған мамандық бойынша жастармен жеке тілдесті. Түлектердің де ұсыныстары ескерілетінін жеткізді.


Бұл күні студенттердің қолөнер бұйымдарының көрмесі де болды. Белсенді жастар құрастырған робот, ұлттық киімдер мен ғылыми жобалар жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыра түсті.