Орта және шағын бизнесті дамыту – өңірдегі жұмыссыздықты жойып жатыр. Нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыру, өңірлердің экономикасын тұрақтандыру шешуші фактор болып табылады. Міне, осындай еліміздегі шағын және орта  бизнесті дамыту мәселесіне жан-жақты жасалып жатқан жағдайларды тиімді пайдалана білген жетісайлық кәсіпкер үйінің ауласынан шағын цех ашып, сабын мен кір жуу ұнтақтарын шығарып отыр.

 Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты тапсырмасы және қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жан-жақты қолдаулар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге мол мүмкіндіктерді қарастырған. Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Асықата кентіндегі «Бегалы» жеке кәсіпкерлігінде болды.

2021 жылдың тамызында іске қосылған нысан бүгінде тәулігіне 2 мың дана кір сабын мен кір жуу ұнтағының құрғақ және сұйық түрлерінен 1 тоннаға жуық өнім өндіреді. Өндірілген өнімдерді Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарымен қатар Шымкент, Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларына тапсырыс бойынша жөнелтіп отырады. Жергілікті 4 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шикізатты шет елден тасымалдайтын шағын цех басшысы Бауыржан Маханов алдағы уақытта тіс пастасы мен сусабын, кір жуғыштардың бірнеше түрін шығарып, кәсіпорынның қуаттылығын арттыруға ниетті.