Түркістан төрінде ерекше той өтті. Ағайын-туысы Қытайда, өзі қазақ жерінде жүрген Арқалық Әмәлиятұлыныңүйлену тойын әріптестері ұйымдастырған. Осылайша ұжымдастар жат жерден келген қандасымызды бауырына басып, мейірімділіктің озық үлгісін көрсетті.

Арқалық Әмәлиятұлы – Қытай Халық Республикасында дүниеге кжелген қазақ. 1998 жылғы азамат оқу, білім іздеп атажұртқа табан тіреген. Рухани астанадағы Халықаралық қазақ-түрік  Университетін тәмамдаған. Бүгінде осы шаһарда мектепте ұстаз болып еңбек етіп отыр. Ата-анасы алыста болғанымен Арқалыққа үйленіп, той беру мәселесі қиынға соқпады.

Үйлену де, үй болу да оңай емес. Десе де осынау алмағайып заманда тойын істеп берген ұжымға жас ақынның да алғысы шексіз.

Қазақ қашанда жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртаған қасиетімен қадірлі. Киелі шаһардың тұрғындары осынау ата дәстүрді жалғап, жас жігіттің үміт отын маздатты. Енді Арқалық ағайыным барда, арқам кең,-деп отыр. Әріптестерімді әлі талай тойдың куәсі етуге дайын.