Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы қарсаңында халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік ағату және иновациялық даму идеяларын іске асыру. Дәстүрлі түрде өтетін шараның бұл жолғы жоспары ерекше.

М. Әуезов атындағы оқу ордасы осы күнге дейін білімді мамандарды, әлеуметтік маңызы бар тұлғаларды, мәдениет және өнер қайраткерлерін тәрбиелеп шыққан. Университет тарапы еліміздің дамуына үлесін қосатын жастарды жасақтай отырып оларға сапалы білім беруді бірінші кезекке қояды. Ал бүгінгі шарада университеттен түлеген түлектер, мәмлекет және  қоғам қайраткерлері, ғалымдар арнайы келіп тәжірибе алмасып, студенттермен жүздесті.

Білім ордасында 2002 жылдан бері «Әуезов оқулары-2022» конференциясы жалғасып келеді. Мұндағы ғылыми жинақтар РИНЦ халықаралық дәйексөз базасына енгізілген. Ал шара «ғылым бизнес және үкімет» буындарын байланыстыратын ірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Жобаға келіп түскен жұмыстарды қарап іріктеуге ҚР  және шет елдегі жоғарғы оқу орындарының  профессорлар мен оқытушылары шақырылған. Спикер:Фозы Сағынов - профессор

 Мерейтойлық іс—шараның шеңберінде дөңгелек үстелдер, семинарлар мен көрмелер, мемлекет қайраткерлерінің дәрістерін өткізу және ЖОО түлектері және ардагерлерімен кездесу жоспарлануда.