Түркістан облысында жеке меншікке өтіп кеткен жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары кешеуілдеп жатыр. Шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аманаттықтар «Жер аманаты» комиссиясымен көшпелі жиын өткізді. Отырар ауданындағы басқосуда жергілікті жердегі мәселеден бөлек, Ордабасы, Арыс аудандарындағы жағдай қаралды.

«Аманат» партиясының негізі мақсаты – халық игілігіне қызмет ету. Осы бағыттағы жұмыстың бірі – жайылым жердің жайы болатын. Отырар ауданы Аққұм аулынындағы шаруалардың жан айқайын заң шеңберінде шешуді қолға алмақ. Өйткені жергілікті халықтың уәжі орынды-ақ.

Ордабасыда2023 жылы ортақ жайылым көлемін 8 700 гектарға ұлғайту жоспарланған. Бүгінде 2 157 гектар жайылым аудандық қорға қайтарылған. Ал, арыстықтар ортақ жайылым көлемін 7 292 гектарға арттырып отыр.

Жыл басында Отырар ауданында 30 мың гектар жерді ел игілігіне қайтару көзделген. Бүгінде 2600 гектар ғана игерілген. Ордабасы мен Арыстағы жағдай да көңіл көншітпейді. Сондықтан мамандар көшпелі жиын жасау арқылы жергілікті жердегі мәселені жіті қадағалап отыруды қолға алмақ.