Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында барлық  инфрақұрылым мәселесі шешілуге жақын. Келер жылы газбен толық қамтылып, 12 көшесі жөнделеді. Талшықты интернет желісі де 2024 жылы тартылады. Сонымен бірге бүгінде спорт алаңшаларын салынатын жер телімі қарастырылып жатыр.

Газ құбырын тарту үшін құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстары биыл 2023 жылы жүргізіледі, ал аяқталу мерзімі 2024 жыл.

 Ынтымақ-2 елдімекендегі 67 көшенің 7-і асфальтталса, 54-іне шағал тас, ал алтауына топырақ төселген. Сондықтан бекітілген жоспарға сай келесі жылы шағын ауданда 12 көше, атап айтқанда Қайынды, Дарабоз, Таңнұры, Имантау, Іле, Орда, Жаңақоғам, Сазсырнай, Жоласар, Сарқан, Сарыжаз, Голд алюминий көшесі жөнеледі деп жоспарланған. Ал талшықты интернет желісі 2024 жылы тартылады. Сонымен бірге спорт алаңшаларын салу мақсатында шағын аудан аумағынан бүгінде жер телімі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, елдімекен 100 пайыз электр жарығы және ауыз сумен қамтылған. Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданын бұл күндері 11 мыңнан аса халық мекендейді. Шағын ауданда 67 көше және 2800 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, 1 мектеп, 3 балабақша, 5 ойын алаңшасы орналасқан.