Үш тілді 3 айда меңгергіңіз келе ме? Шымкентте тілдер саябағы жобасы іске қосылды. Жаз бойы кез-келген қала тұрғыны Орталық саябақтағы  тегін курстарға қатыса алады.


Тегін курстар ашық аспан астында жаз бойы өтеді. Бүгінде оған қатысуға 600-ден астам адам ниет білдіріпті. Олар жас ерекшеліктері және білім деңгейіне қарай топтарға бөлінген.

 Мұндағы мақсат – адамның капиталын арттыру. Мамандардың айтуынша, былтыр қазақ тілін үйренемін деп келуші өзге ұлт өкілдері көп болған.  Қазақ тілі – мемлекеттік, ал, орыс тілі ресми тіл.  Халықаралық қатыстарды арттыру үшін ағылшынды білген де жақсы.

 Төрежан Әкім осы орталықта былтыр да ерікті түрде жұмыс істеді. №2 мамандандырылған дарын мектебінің оқушысы. Биыл да үш ай жазғы каникулында қол қусырып, қарап отырмай, бәр кәдеге жарамақшы. Бұл орталықта алты жастағы баладан алпыстағы қария да тіл үйреніп шығады дейді ол.


Ғалымдардың пайымынша, адам қартайған сайын ми қыртыстарының жұмысы тежеледі. Салдарынан  альцгеймер, парконсонизм деген дерттер пайда болады.  Сондықтан, жас келген кезде тіл үйрену- денсаулыққа пайдалы деседі жұрт. Тілдер саябағы жобасы  30-шы тамызға дейін жалғасын табады. Курс аяқталған соң, барлық қатысушыларға сертификат табысталады.