Түркістан мен  Қытай арасында ауқымды жобалар қолға алынады. Бұл ретте, екіжақты тауар айналымын арттыру көзделіп отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэйдің кездесуінде айтылды. Екіжақты басқосуда түрленген Түркістанның әлеуеті мен дипломатиялық қарым-қатынас жайында сөз болды.

Жиында сөз алған елші құрылғанына 5 жыл болатын Түркістан облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірнеше ұсыныстарымен бөлісті. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанын және жан-жақты қарым-қатынастар тереңдей түскеніне тоқталды.

 Цзян Вэй

Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы
- Түркістанның таңғажайып көрінісін көріп таң қалдым. Көздің жауын алатын көрікті мекендегі әсем ғимараттар мен жаңа нысандар керемет үйлескен. Осындай өңірмен әріптестік, ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Түркістан – ресурсы өте бай өңір. Ауыл шаруашылы, «жасыл» энергетика, инфрақұрылым, сауда-саттық және туризм салалары бойынша жұмыс атқаруға болады. Бұл – екіжақты әріптестіктің басы ғана.

 Д. Сатыбалды өз сөзінде Түркістан өлкесінің Қытаймен шекаралас аймақтарының халықаралық көлік дәлізі ретіндегі әлеуетін жеткізді. Экономикалық, туристік және басқа да бағыттардағы инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталды. Әріптестік қатынастарды орнықтыруға қазақстандық тараптың да ықыласты екенін айтты. Сонымен бірге, терең өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.

Дархан Сатыбалды

Түркістан облысының әкімі
- Біздің өңіріміздің табиғи кен орындарына бай, әлеуеті орасан зор өңір. Ең басты байлығымыз - халқымыз өте еңбекқор. Түркістан – бизнеске бағдарланған өңір. Бізде 170 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығымен жыл он екі ай бойы айналысуға мүмкіндік бар. Туризм саласын дамыту - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты біз туристік инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендердің құрылысына ерекше назар аударамыз. Қазақстан үшін Қытай әлемдегі ең ірі экономиканың қақпасы болса, Қытай үшін біздің еліміз ЕАЭО және Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және Еуропа нарықтарына жылдам логистикалық бағыттар ашады

Мұнан өзге, облыс әкімі жергілікті кәсіп орындарды дамытуға күш салуға шақырды. Соның бірі Golden Camel Group LTD компаниясы. Түркістан жерінде түйе сүтін өңдейтін кәсіп орынның лагері жылжып, сәтті іске асырылуына ықпал етуін сұрады.  Жуырда Түркістан облысындағы әр аудан әкімдері мен бизнес өкілдері Қытайға барып, тәжірибе алмасатын болады. Зауыт-фабрикаларды ашып, ірі өндіріс алыптарына дейін дамытудың қыр-сырымен танысады. Мақсат - Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бірнеше зауыт-фабрикалар ашу. Халықты жұмыспен қамтып, табысын арттыру.