Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй көмегі беріледі.  Биыл Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегіне 33 млн. теңге қаржы 450 отбасыға төлеу жоспарланыпты.  Жыл басынан бері 208 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалған. Көмек түрін алудың өзіндік шарттары бар. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден артық баспана болмауы қажет. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін  өтініш  тиісті  құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «e-gov» порталы арқылы қабылданады.

Тұрғын үй көмегін алу үшін мынадай құжаттар қажет:   
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
 4) банктік шот;
5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы түбіртектер).
 6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.
Қосымша ақпаратты Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а, Бәйтереков көшесі, 89 үй,  (29 каб) мекен-жайы бойынша немесе  8 (7252) 27-71-29 , +77058687255  байланыс телефон нөмірлері арқылы алуға болады.