Шардара ауданы тек тәтті күрішімен ғана емес,етімен де таныс.Мұнда қазір ірілі-ұсақты 50-ге тарта мал бордақылау алаңы бар. Бәрі де тұтынушылардың сұранысына сай санитарлық нормаларын сақтай отырып жұмыс жүргізеді. Шағалалы ауданды айтпағанда көршілес мырзашөл өңірін етпен қамтамасыз етіп отырған жандардың бірі Мұхамбетжан Көшенов. Ақсақал өз қорасында 70 жылқы мен 80-ге тарта өгіз бордақылайды.

Атаның ала тағын ұстаған Мұхамбетжан Көшенов 70-ке таяпты. Қария әлі де ширақ қимылдайды. Шардара ауданына қарасты Алатау батыр ауылдық округінің тұрғыны Мұхамбетжан қария қорасындағы 70 жылқы мен 80 бас ірі қара бордақы малына өзі қарайды.Жем-шөбін салады, суын береді.Негізі отбасылық бизнесті осыдан бес жыл бұрын бастаған екен.Алғашында «Ырыс» МҚҰ арқылы 10 мишллион теңге несиеалған.Оған ойланбастан 40 бас жылқы сатып алып,бордақылаумен айналысады.Тынымсыз еңбектің арқасында бір жылда қарызынан құтылып, мемлекеттен төмен пайызбен тағы несие алыпты. Сәл күнде одан да толықтай құтыламын,деп отыр.

Мұхамбетжан қарияның бордақылаған дәмі тіл үйретін төрт түлігінің етін шардара тұрғындарымен қатар көрші Мақтаарал және Жетісай ауданының тұрғындар келіпалып кетеді екен. Ақсақалға қос ұлы қос қанаты демеу болып жүр. Болашақта отбасылық бизнес көлемін бұдан да үлғайтуды көздеп отыр. Қария қол жеткізген табыстарын мемлекеттік қолдаудың және еңбекқорлық пен талпыныстың нәтижесі деп біледі. Ауданда Көшеновтерден бөлек 50-ге тарта ірілі-ұсақты мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, ауданда биылғы жылдың 7 айында мүйізді ірі қараның саны 64 420 басты, жылқы 19 126 басты құраса, қой-ешкі 245 135 басқа, түйе 2886 басқа жеткен.