Негізгі Жаңалықтар «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ, СЕНІМ МЕН ІЗГІЛІКТЕН ТҰРАДЫ»

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ, СЕНІМ МЕН ІЗГІЛІКТЕН ТҰРАДЫ»

«Бақытты Отбасы,сенім мен ізгіліктен тұрады» дәл осындай атаумен жас отбасылар мен қыз келіншектерге арналған семинар тренинг болып өтті. Семинарда отбасы құндылықтары сондай-ақ  ер мен әйелдің отбасындағы маңызы талқыланды.

Еліміздің болашағы-білімді әрі жасампаз ұрпақ.Ал оны тәрбиелеуде  отбасының маңызы зор.Осы мақсатта құрылған Арулар клубының қатысуымен өтіп жатқан семинардың басты мақсаты да бір: отбасы ынтымақтастығын қалыптастыру,ерлі-зайыптылардың  арасындағы кикілжіңдерге жол бермеу ажырасу фактілерін алдын-алып отбасы құндылығын сақтау дейді клуб мүшелері .

Жиынға 30-ға жуық жас аналар,бойжеткен арулар қатысып жанұяны сақтап қалу бағытында қызықты мағлұматтар алды. Алдағы уақытта дәл осындай шаралар жалғасын таба бермек.

Бөлісу