«Жолдауды талқыламай, онда айтылған тапсырманы орындау керек». Ардагерлер кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысушылар осылай дейді. Ал оны қолдау зейнеткерлерге артылар жұмыс деген, - мүшелер Жолдаудың жүгі ауыр екенін айтты. Оның орындалуын Ардагерлер кеңесі қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Ардагерлер кеңесінің кезекті мәжілісінің негізгі тақырыбы – Президент жолдауы. Отырысқа қатысушылар Жолдаудың мән-маңызына, басымдық берілген тақырыптарға тоқталды.

Мемлекет басшысы Жолдауда атқарушы органға бірқатар тапсырмалдар берді.  Ол талқылауға түспейтін, тек орындалуы керек тапсырмалар, дейді жиын қатысушылары.

Ал, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев болса,  Жолдауда күйіп тұрған мәселелер орынды көтерілді дейді. Мәселен, өндіріс көлемін ұлғайту, суды дұрыс пайдалану мен кәсіпкерлерге берілетін салықтық жеңілдіктер экономиканы көтеруге ықпал етеді.

Жалпы кеңес қатысушылары Жолдаудың орындалуы үшін тиісті атқарушы мекемелерге барынша көмектеспек. Әрі қатаң бақылауда ұстаймыз, -дейді.