Қыркүйек айында Қостанай қаласында волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогі өтеді. Сайыста Түркістан облысының намысын «Тұран» командасы қорғайды. ҚАзіргі таңда спортшы қыздар оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жан-жақты дайындығын бастап кетті.

 Қырқүйектің 20-28 аралығында Қостанай қаласында волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогі сарапқа салынады. Жарыс алдында «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Бульдуруков команда құрамымен кездесіп, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Тұрандықтар өткен жылы ұлттық лигада алғаш өнер көрсетіп, 8-орыннан көрінген еді. Биылғы жаңа маусымға Асқар Шалқыбеков баптайтын құрама үздік орындардан көріну үшін бар күш жігерін слмақ.

Ел чемпионатында жоғары орындардан көріну үшін«Тұран» командасы тамыз айынан бастап тереңдетілген оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Команда құрамы бірқатар жаңа ойыншылармен де толықты.