Жеке кәсіп ашамын деушілерге мемлекет тарапынан түрлі көмек бар. Бизнес ашып, іспен айналысқысы келген азаматтарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» көмек қолын созады. Қорының құрылғанына биыл 26 жыл толды. Осы орайда қордың Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Даму қорының ұйымдастырған шеберлік сағатына кәсіпті жаңадан бастаған және енді бизнеске бет бұрғысы келетін азаматтар қатысты. Мұндағы мақсат азаматтарға қажетті дұрыс ақпар тарату.  Жалпы «Даму» Қоры елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, қаржы агенттігі ретінде әрекет етеді. Жыл басынан бері  42 миллиард теңгеге жуық несие беріліп, 480 жоба субсидияланған.

 Қазіргі таңда кепілдіктердің де өсуі байқалуда. Ағымдағы жылдың 8 айында кәсіпкерлердің кепілдігі бойынша несие соммасы 12,9 миллиард теңгені құрап 388 жоба қолдау тапқан. Сондай-ақ Даму қоры арқылы «ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер жеңілдетілген несие ала алады.

Қазіргі таңда барлық субсидиялар мен кепілдіктерге өтінімдер Egov, Online Damu порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады және субсидиялар мен кепілдік шарттарына қол қою да электронды түрде жүзеге асырылады.