Елімізге белгілі ғалым, абайтанушы – Омар Жәлелұлы түркістандық мемлекеттік қызметшілермен кездесті. «Мемлекеттік қызметші- қоғам айнасы» тақырыбында өткен шараға департаментке қарасты басшылық құрамы, аудан қалалардан келген басқарма өкілдері қатысты.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастамасымен ұйымдастырылған шара мақсаты- мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер бойында әділдік, парасаттылық сынды құндылықтарды қалыптастыру. Жемқорлықтың алдын-алу мәселесін кеңінен талқылаған Омар Жәлелұлы- отанға шынайы қызмет етудің, оның аманатына адал болудың идеологиясы жайында сөз етті.Сондай-ақ, тағылымды тарихтың заңғар зиялылары Абай мен Шәкәрімнің туындыларын мысалға келтірді. Таза еңбек пен ар ождан биіктігін жоғалтпауға шақырды. Екі сағатқа созылған кездесуде келушілер ашық пікір алмасып, сұрақ-жауап, ұсыныс пікірлерін ортаға салды.