Мектеп оқушысының қауіпсіздігі басты назарда. Осы мақсатта  «Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық талдау болып өтті. Дөңгелек үстелде бас қосқан мамандар  атқарылып жатқан жұмыстармен  ұсыныс-пікірлерді медиа-алаңда баяндады.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік негіздегі 150-мектеп,10-колледж,71- балабақша бар. Бүгінгі таңда білім ошақтарында білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында  «SOS» дабыл батырмалары толығымен орнатылған. Орнатылған бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары Шымкент қалалық ПД-нің жедел басқару орталығына интеграцияланған.
Сондай-ақ, оқу жылында барлық мектептер санитарлық эпидемиологиялық тексерістен өткізіліп тиісті медициналық және дезинфекциялық құралдармен толықтай қамтылған.
 Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жаңа оқу жылы қарсаңында  12 мектептің алдында орнатылған жасанды бұдырлық техникалық құралы жаңартылып, 5 мектептің алдына абайлаңыз балалар жол белгілері орнатылған.

Ал, төтенше жағдайлар департаментінің есебінде қаладағы 941 білім беру мекемесі тіркелген.Сақтық шараларын алдын-алу мақсатында  білім беру басқармасымен бірлесе оқушылар сарайында  «Қауіпсіздік әліппесі», «Жас құтқарушылар» секілді арнайы үйірмелер құрылған.
Жиын соңы алдағы уақытта мамандар  бірлесе атқаратын жұмыстармен  жалғасын тапты.