Шымкентте 76 шақырым табиғи газ құбыры жаңартылады. Бұл туралы Табиғи молнополияларды реттеу комитетінің Айсұлу Әлібекова баспасөз туры барысында мәлімдеді. Ағымдағы жылы аяқталуы тиіс құрылыстың кешеуілдеуіне не себеп? Оған қандай шаралар көріледі? Келесі сюжеттен көрейік. Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Бұл туралы  Оған қазынадан 2 млрд 300 мил теңге бөлінген. Биыл аяқталады деген жұмыстар, неліктен келесі жылдың еншісіне қалдырылып отыр?

Шымкенттегі  бірқатар шағын аудандарға табиғи газ құбыры осыдан жарты ғасыр бұрын тартылған. Сол кезден бері күрделі жөндеу көрмеген құбырлардың бүгінде әбден тозығы жетіп, тұрғындарды әбігерге салып келе жатқаны белгілі. Мәселенің шешімін қос министрлік былтырғы жылдың шілдесінен бастап қолға алған болатын. Нәтижесінде, мегаполистегі 76 шақырым көгілдір отын құбыры жаңартылуда.

 Өткен жылы басталған құрылыс биыл аяқталуы тиіс болатын. Алайда, белгілі себептерге байланысты келесі жылдың еншісіне қалдыруға тура келді, деген ҚазТрансГазАймақ АҚ Шымкент өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Айбек бәріде қадағалауда екенін айтты.

76 шақырым табиғи газ құбырының бүгінде 45 шақырымы тартылған. Яғни, жұмыс 55 пайызға орындалыпты. Қалған жұмысты келесі жылдың сәуіріне дейін тәмамдаймыз, деп мердігер мекеме өкілі уәдесін беруде.

 Құрылыс аяқталса миллионды қаланың 76 шақырым табиғи газ құбыры жаңарады. Осылайша тұрғындарға жайлы орта қалыптасып, қыс ауасында  қиналмайды деген үміт бар. Айта кетейік, бұл жұмыстарға қазынадан бас-аяғы 2 млрд 300 мил теңге бөлінген екен.