Полицейлер қандай да бір төтенше жағдайларға әркез сақадай сай болуы керек. Осы мақсатта Шымкентте оқу-дала жаттығуы өтті. Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті ұйымдастырған жиынға өңірдегі желілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің Ақтас оқу орталығы. Мұнда таң атысымен Көліктегі полиция департаменті Шымкент, Түркістан және Арыс станциясындағы желілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері жиналды.  Оқу-дала жиыны алаңда сап түзеумен басталып, полицейлердің теориялық және практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша түрлі сабақ ұйымдастырылды.

Сақшылар оқу-жаттығу кезінде нысанда дәлдеп, атыс-дайындығы тексерілді. Арнайы нұсқаушылар дене шынықтыру, тактикалық дайындық пен қоян қолтық күрестің тәсілдерін көрсетіп, полициейлердің шеберліктерін шыңдады. Жиынға Түркістаннан арнайы келген аға лейтенант Мағжан Рахымбердіұлы мұндай жиынның полициейлер үшін маңызы зор деп санайды.

 Жиын барысында сонымен бірге арнайы мамандар қызметкерлерге психологиялық тренинг өтті. Тәртіп сақшыларының түрлі ситуациядағы өзін-өзі ұстау жай-күйі де сыналды.

Дала оқ-жиыны аясында Шымкент, Арыс және Түркістаннан келген қызметкерлер белгіленген нормативтер бойынша сынақ тапсырады. Сол арқылы өздерінің интеллектуалды әрі физикалық түрде қызметке лайық екенін дәлелдейді.
Стендап: Күнту Арынбек – тілші 6630