Ел Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы ДЕмонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында / монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.Кеңесте / кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар, жеке компанияның қызметі қаралды.