Арыс қаласында гандболдан 2011 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Қол добы шеберлерінің додасына елімізден 7 команда, 110 спортшы қатысып, өзара бақ сынасады.

 Арыс қаласында басталған спорттық жарысқа Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Орал қаласының командалары қатысып, тартысты бәсекені бастап кетті.  Жарыстың бас төрешісі Буниятжан Акражамов, сайыс арқылы жастар арасында қол добына деген қызығушылық артатынын айтады.

Қол добы сайысының алғашқы күні Түркістан мен Ақтөбе облысының командалары кездесіп тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде Мейрамбек Қанатбаев бастаған түркістандық өрендер 18:9 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді.

Айта өтейік, жарыс жеңімпаздары қыркүйектің 27-сі күні белгілі болады.