Ертең Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Сары құрлық елдерінің кіші олимпиадасында 30 спорт түрінен еліміздің атынан 524 атлетқатысады. Оның 70 Шымкент қаласының саңлақтары. Олар 305 медальүшін бақ сынасады. Ал 5 спортшы ПараАзиядаға қатысып Еліміздің намысын қорғайтын болады.
Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысқалы тұр. Кеше Ханчжоу қаласындағы Азиада қалашығында Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағы көтерілді. Азия ойындарында табысты өнер көрсету өте маңызды. Себебі байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар, спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Шымкент қаласынан қатысатын спортшылар қатарында қатарында Әлем және Азия чемпиондары бар. Қазақстан Ұлттық құрамасының басшылығы мегаполис қаланың құрамасына жоғары баға беруде. Тарихы тереңде жатқан Түркістан облысынан 26 спортшы қатысады. Оның басым бөлігі командалық ойындардан бақ сынайды. Басты мәселе лайықты өнер көрсетіп құрама қоржынына медаль жиынтығын салу болып табылады. Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев бірқатар спортшыларымыз әлемдік рейтінгте көш бастап келе жатқанын атап өтті.
Азия ойындарында бірқатар спорт түрлерінен Париж олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынады. Олардың қатарында жерлесіміз Мырзағали Айтжанов басқаратын боксшылар бар. Садақ ату,Бессайыс,Тенис сынды спорт түрлерінен олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті Шымқала спортшыларының жеңіске жетуіне зор сенім артып отыр
Әлемнің мықтылары сынға түсетін аламан додада жерлестерімізге жеңіс тілейміз. Саңлақтарымыз Ел үмітін ақтайды деген сенімдеміз! Алға Қазақстан! Илияс Жолдас