Қазығұрт аудандағы Тазасу мекемесі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің алдында есеп берді. Аудан көлемінде кәсіпорын балансындағы ауыз су құбырының жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Оған 55 жер асты су скважиналарынан 57 су қоймаларына тіршілік нәрі жиналады. Жалпы таулы аймақта 19 мың 257 абономентке қызмет көрсетіледі.
Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірдегі өкілдері алдымен 2022-2023 жылдарға жоспарланған инвестициялық бағдарламаны бағамдады. Тарифтік сметаның құжаттарымен таысты. Бұл - Айнатас елді мекені. Онда инвестициялық бағдарлама аясында халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін насостар жаңартылып жатыр.
Дәл осындай модернизациялау жұмысы Майбұлақта да жүріп жатыр.
Сала мамандарының айтуынша комитет бекітіп берген 5 жылдық жоспар кезең кезеңімен орындалуда. Нәтижесінде судың сапасы жақсарып, жүйелердің апатты жағдайлары азайған. Бұдан бөлек аудандағы тозығы жеткен құбырлардың түгел ауысатын болады.