Қазақстан Премьерлига командалары арасында 23 турдың ойындары аяқталды. Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Ел чемпионы «Астана» командасын қабылдап Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алуға лайықты команданы анықтады. Турнир кестесінің көшін бастап келе жатқан «Ордабасы» өз алаңында 25 мыңдай жанкүйердің үмітін ақтай алмады. Есеп 1-2 есебімен Астана футболшыларының пайдасына шешілді.
Биылғы чемпионатты өте сәтті бастаған «Ордабасы» турнир кестесінің көшін бастап өз жанкүйерлеріне жылдар күткен алтын медальді сыйлау үшін тамаша ойындар өткізіп келе жатқан. Соңғы екі турда Бауыржан Әбубайтов басқаратын Шымқаланың мықты командасы жүрісінен жаңылды. Өзінің басты қарсыласы Астанамен болған ойынға команданың бас бапкері Александр Седнев өзбекстандық легионерден басқа ең мықты футболшыларын шығарды.Осы ойын алдында ұр. Астана Еуропа кубогына қатысып Загребт қаласында конфедерация лигасының ойынын өткізді. Шаршап келеді деген команда қайта күшейіп шықты. Соның арқасында Ұлттық құраманың ойыншысы Аслан Дарабаев қақапашы Мұхамеджан Сейсеннің осал жерін тапты. Оның алыстан тепкен соққысына Ордабасының екінші қақпашысы қауқар таныта алмады.
Астана үшін басты мақсат ел чемпионы атану екені сәт сайын айқындала түсті. Өз жанкүйерлерімен бірге командаға қолдау жасауға келген қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың үміті ақталмады. Ойынның екінші тайымында есепті теңестіреді деген алаң иелерінің қателігін Астананың жас ойыншысы Нұралы Жақсылық тиімді пайдаланып есепті 0-2 жеткізді.
Бар команда болып алға ұмтылған Ордабасы ойынның аяқталуына бір минут қалғанда Максим Фединнің 11 метрлыік айып добы арқылы есеп айырмасын қысқартты. Осы есеп ойын соңына дейін өзгермеді. Астана командасы маңызды деген үш ұпайды алып кетті. Турнир кестесінің көшін Ордабасы бастап келеді олардың 22 ойыннан 49 ұпайы бар Астанада 46 ұпай. Енді қалған кездесулерде Ордабасы жеңіліс таппаса Еліміздің чемпионы атанады. Осы сәтті жылдар бойы күтіп жүрген жанкүйердің үміті ақталар деген ойдамыз.