Еңбек түбі-береке дәл осындай атаумен А.Пушкин атындағы кітапханада мерекелік шара болып өтті. Айтулы күнге арнайы ұйымдастырылған шараға еңбек адамдарын бейнелейтін түрлі сала өкілдерінің фотокөрмесі назарға ұсынылды.

Еңбек күнін мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд,әлемнің 100-ден астам елі бұл күнді айрықша атап өтеді. Ал,  елімізде бұл мереке 2013 жылдан бері айтулы күндер қатарына қосылған,яғни жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілуде. Ұйымдастырылған шараға түрлі салада  еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар мен студенттер сондай-ақ оқушылар қатысып әр мамандықтың қыр-сырымен танысты.

Мерекелік кеште қызықты кітаптар мен  түрлі сала өкілдерінің фотокөрмесі қойылды.Көрме 19-25 қыркүйек аралығында келушілер назарына ұсынылмақ. Шараға арнайы қонақ болып келген Ғани Тұрбеков, байланыс саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінгі кеште жастарға  мамандығының өзіндік қызығы мен қиыншылығын баяндамақ.

Жалпы шараның басты мақсаты қоғамдағы  еңбек адамдарының қызметін дәріптеу, әр саланың маңыздылығын жас ұрпаққа түсіндіру.