Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудандарда халықпен кездесу жұмысын Абай ауданынан бастады. Құрамында 27 елді мекені бар Абай ауданында бүгінде 257 мыңнан астам адам тұрады.Тұрғындармен кездесуге келген әкім әр азаматтың мәселесімен танысты. Ұсыныс-пікірленрін тыңдап, оның заңды шешілуіне ықпал ететінін айтты.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Жиынға келіп, мәселесін жеткізгенер көп болды. Кездесу алдымен ауданда бұған дейін атқарылған жұмыстармен танысудан басталды. Аудан әкімі Бұхарбай Парманов тұрғындарға инфрақұрылым мәселесі қаншалықты шешілгенін баяндады.
Аудан басшысы табиғи газ, жол, ауыз су мен электр жарығы мәселелеріне жеке-жеке тоқталды. Асар-2, Нұршуақ, Ынтымақ-2, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайында газ қашан толық берілетінін айтты.
Әрмен қарай кездесудің негізгі бөлімі сұрақ жауап бөлімімен жалғасты. Тұрғындар тарапынан қала басшысына сұарқ қою үшін үнтаяққа кезекке тұрғандар көп болды. Дені елді-мекендерде сапалы жол, қоғамдық көлік пен қауіпсіздік мәселесін қозғады.
Қала әкімі Шымкенттің бас жоспары Үкіметте қаралып жатқанын айтты. Алайда мегополисті реттестіру қажеттілігі туындап тұрғанын жеткізіп, бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Шаһар басшысы қалада проблемалардың барын жасырмады. Шешілуі үшін жүйелі түрде жұмыс істейтінін жеткізді.
Тұрғындармен кездесуге қала мен аудан әкімімен бірге басқарма басшылары да арнайы қатысып, азаматтардың сұрағына жауап берді. Әкім әкімшілік-мекеме қызметкерлеріне халық үшін ашық болуды жүктеді.