ҚЫТАЙ ТАУАРЫН ҚЫМБАТҚА САТАТЫНДАР КӨП
Шымкентте тұтынушы құқығын қорғау саласында әлі арыз-шағым көп болып жатыр. Мәселен, массаж саптамасын алдап-арбап сатып жатқан фактілер көбейген. Қытайдың арзан тауарын жапон немесе тай өнімі деп жарнамалап, манипуляциялап өткізіп жібереді екен. Бұл жайттар бойынша қаладағы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жұмыс істеп, қалыпқа келтіріп жатыр.
Тұтынушыларды құрығына түсіретіндер сатудың түрлі айла-амалын қарастырады. Олардың кей әрекеттері заңсыз. Маркетинг жақсы, әрине, бірақ ол еш даусыз, арбаусыз болуы керек. Департамент мамандары «e-tutynushy» платформасын әлі де түсіндіріп, айтып-ақ жатыр.
ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау Заңының 28-29 баптарының талаптарында көрсетілгендей, сатушы тиісті сападағы тауарды тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Алайда шағымданушылар бұл талаптардың сақталмағанын айтады.
«Массаж саптамасын жарнама жасаған соң, сыйлықтар ойнатылып, ұтқаны туралы хабарланады. Көрпе, жастық, қол массажері, сағат және өзге де бұйымдар. Көбінің қолында нақты ақша болмағандықтан, екінші деңгейлі банктер арқылы 12 айға бөліп төлеу рәсімделеді. Компания өкілдері массаж саптамасын жапондық өндіріс деп жарнамалайды»
Тұтынушы құқығы туралы Заң жобасы алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Қазір Мәжілісте қаралып жатыр. Қазір департамент тарапынан қорғамдық бірлестіктерге, тұтынушыларға Заң жобасының жаңа нормалары түсіндіріліп жатыр.