Сайрам – шағын және орта кәсіпкерлігі дамыған аудан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі ауыл шаруашылығы бағытында болса, одан бөлек сауда және қызмет көрсету салаларын да қамтиды. Бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 25,4 пайызға артып, 21 701 бірлікті құрады. Оның 53 пайызы жеке кәсіпкерлер. Олар аудан экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сайрам ауданында «TURKISTAN май» сауда белгісімен күнбағыс майын өндіріледі. Кәсіпорын жылына 1200 тонна май өндіреді. Бүгінде 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның құны: 435 миллион теңгені құрайды. Өнімнің 70 пайызын Қазақстандықтар қолданса, 30 пайызы Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдеріне экспортталады.
Сонымен қатар ауданда ірі құрама жем өндіретін зауыт жұмыс жасап тұр. Мұнда жылына 60 мың тонна құрама жем өндіріледі. «ЖК Абдукадиров» тұрақты 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның құны 600 миллион тенге. Бүгінде өнімнің 30 паызы Өзбекстанға экспортталады екен.
Айта өтейік, өңірлік өнім көлемі жыл басынан 185 млрд теңгеге жетіп, өсім 103 пайызды құрады. Оның 56 пайызы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 18,3 пайызы өнеркәсіп саласына, 18,5 пайызы сауда саласының үлесінде.