Көлік жүргізгенде қауіпсіздік белдігін тағу - міндет. Оның маңызына «QazaqGaz» ұлттық компаниясының қызметкерлері тағы бір көз жеткізді. «Stop ДТП» акциясына қатысушылар арнайы құрылғыда жол-көлік оқиғасынан болатын тікелей соққының күшін сезінді. Шараның мақсаты не, көлік жүргізушілері қандай күйде?

Жол көлік оқиғасы кезінде жарақатты мейілінше болдармау мақсатындағы «Stop ДТП» акциясын «ҚазТрансГаз өнімдері» ЖШС ұйымдастырды. Жиын «Самұрық-Қазына» қорының және «QazaqGaz» ұлттық компаниясының бекіткен өндірістік жоспарына сәйкес өтті.

Бауыржан Қожантаев,«ҚазТрансГаз өнімдері» ЖШС Шымкент ӨФ директоры
-«Қазақгаз» ұлттық компаниясының қызметкерлеріне қауіпсіздік белдігін әрдайым пайдалану және де осыған түпкілікті көз жеткізу үшін, әсіресі жол-көлік оқиғасы кезінде жарақатты болдырмау мақсатында тренежер-конвейсерді ұсынып отырмыз. Бұл тренажер-конвинсер адамның денсаулығын сақтау мақсатында Шымкент қаласына келіп, «Самұрық Қазынаның» еншілес компанияларының қызметкерлері, жұмысшылары шақырылды.

Бұл тренажер-Конвинсер қатысушыға шамамен 10-12 шақырым жылдамдықпен қозғалып, тоқтату кезінде пайда болатын соқтығу күшін көруге және оны сезінуге мүмкіндік береді. Яғни көлік жүргізгенде қауіпсіздік белдігінің қаншалықты тиімді екенін көрсетеді.

Асқар Қалмырзаев, акцияға қатысушы
-Күнделікті көлік басқарғанда бұл жайлы ойлай бермейсің. Мына кішкене ғана жылдамдықпен соғысудың өзінде дене мүшелеріне әжептеуір сезілгенін түсінесің. Болашақта жол ережелерін сақтап, абайлап жүруге насихат ретінде қабылдауға болады. Менде қазір мойын омыртқам, арқам мен аяғым қатты сезілді, егер мен белдік тақпағанда өте қатты зақым алар едім деп ойлаймын. Белдіктің пайдасын көрдім, көз жеткіздім, енді бұдан кейін де тағып жүремін.

«ҚазТрансГаз Өнімдері» транспорт қауіпсіздігіне ерекше назар аударып келеді. Осы бағыттағы іс-шараға Шымкенттегі «Самұрық-Қазына» қоры мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясына қарасты 20-ға жуық мекеменің жүзден астам қызметкері қатысты.

Нұрлан Рысқұлов, «ҚазТрансГаз өнімдері» ЖШС Шымкент ӨФ жетекші инженері
-Мына түсіп жатқан адамдар қауіпсіздік белдігінің пайдасы өте жақсы екен деп айтып жатыр. Бұл аппаратты 2021 жылы «QazaqGaz» ұлттық компаниясы өзіміздің еншілес мекемелерге осындай іс-шараларды өткізу үшін алған. Бірінші Атырау, Алматы, Тараз қалаларынан кейін бізде – Шымкентте өтіп жатыр. Енді бұл іс-шара Қызылордада өтеді.

Бүгінде «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-де 1697 арнайы техника, жеңіл көлік пен автобус бар. Сондықтан да мекеме қызметкерлері үшін бұл акцияның маңызы зор. Ең басты жауапкершілік – адам өмірінің қауіпсіздігі. Әрбір қызметкерге зиян келтіретін кез-келген сыртқы факторларды болдырмау мекемеде жүйелі жолға қойылған.