Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық әрекеттері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Қазіргі таңда, өмірге көзқарасы толық қалыптаспаған жаөспірімдердің қылмысқа баруы жиі кездесуде. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Шымкент қаласында кәмелетке толмағандармен 80 қылмыс орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 29 жайтпен жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр дейді мамандар.     

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 87,5 пайызы меншікке  қатысты  орын алған қылмыстар.  Яғни, қылмыстың 52,5 пайызын бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары, ал 21,5 пайызын тонау қылмыстары құрайды.  Мамандардың айтуынша жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері әр түрлі, бірі қылмысты абайсызда жасаса, бірі қасақана, біреуі заңды білмегеннен, ал бірі пайда табу мақсатында ұрлық қылмыстарына барған, енді бірі қолы бос болып не істерін білмей қылмысқа барғандары да бар.
Сонымен қатар, толық емес отбасыда тәрбиеленетін және өзге облыстар мен қалалардан келген жасөспірімдер де кездесетін көрінеді.

Буллинг, яғни әлімжеттік, ұрып-соғу жайттары  қазіргі қоғамда   көптеп тіркелуде  жасөспірімдер арасындағы бірін бірі қорқыту, айдап салу, кемсітуді кез келген мектептен кездестіруге болады.     Алайда қысым көрген оқушы ішкі жан дүниесін ата-анасына және сынып жетекшісіне ашылып айта алмай, келеңсіз жағдайларға барып жататыны айқын. Осы мақсатта жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында полиция қызметкерлері мен  білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер өткізіп, қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде және бөгде адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын  тұрақты түрде жүргізіп отырған көрінеді.

Айта кетейік,  қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына шұғыл көмек көрсету мақсатында 111 шұғыл нөмірі іске қосылған