Шымкентте кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Істі ілгерілетуге мемлекеттен берілетін жәрдемде оң ықпал етіп отыр. Бұл күнде мегаполисте 130 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік нысаны белсенді жұмыс істеп тұр. Салада атқарылып жатқан шаруаларды басқарма басшысының орынбасары БАҚ өкілдеріне баяндады.
Қаладағы кәсіпкерлік нысандарда жұмыспен қамтылғандар саны 218,2 мың адамға жеткен. Шағын және орта кәсіпкерлік бағытында өндірілген өнімнің көлемі 2023 жылдың жартыжылдығында 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,9 пайызға артқа.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама аясында 2023 жылға 21,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 18,3 млрд теңгеге 3 592 жобаға қолдау көрсетілді. Биыл «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде 20,4 млрд теңге қаралып, қазіргі сәтте 3 351 жобаға 16,3 млрд теңгенің қолдауы көрсетіліпті.
Кәсіпкерлікті дамыту жөнінде «Іскер қала» бағдарламасы аясында биыл 1,3 млрд теңге бөлінген екен. Бүгінге дейін аталған бағдарлама аясында шеңберінде 241 жобаға қолдау көрсетіліпті. Оның 215-сі шағын несиелендірілсе, 26 жобада өндірістік алаңдардың жалдау ақысын өтеп берген.