"Жастар" бағдарламасы бойынша өтінімдер қайта толықтыруға жіберілді. Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша тапсырылған құжаттарды қайта толықтыру үшін өтінімдерді қайтару бүгіннен басталды.
Жолдаған ескертулерге мән берулеріңізді сұраймыз. Құжаттарды толықтыру үшін хабарлама келген жағдайда, 5 жұмыс күндік мерзім ішінде көрсетілген мәтіндегі деректерді мұқият оқып, тек көрсетілген ескертулерге өзгеріс енгізіп, басқа деректерді өзгеріссіз қалдыруыңыз қажет. Басқа деректер өзгерілген жағдайда шындыққа сай емес мәлімет берілгеніне жауапкершілік өтініш берушіге жүктеледі.Айта кету керек, Жастар бағдарламасы бойынша түскен барлық өтінімдер қазіргі таңда қаралымда. Аталған конкурстың нәтижесі өтінімдердің ауқымдылығына байланысты анықталады, - делінген хабарламада.