Қалалық салаутатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қоғамда денсаулықты түзету бағытында бірқатар шара өткізіп келеді. Кезекті жиын ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында өтті. Бұл күні тыңдаушылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылып, жастардың белсенділігі сыналды.
Белсенді өмір сүру –салауатты қоғам қалыптастыруда жетекші орын алмақ. Сондықтан азаматтар өзара белсенділігін жоғарылатып, спортпен шұғылдануы керек,-дейді мамандар. Бүгінгі жиын жастарды ептілікке, шыдамдылыққа жетелегендей.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен топтық жарыста тартысып, кейін жеке белсенділіктерін көрсетті. Өзара ынтымақты арттырып, денсаулықты нығайтуға бағытталған бастамаға тыңдаушылар бек разыы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қолға алған жобаға оқу орталығының мамандары да алғыстарын білдіріп отыр. Болашақ ел тыныштығын күзететін мамандар физикалық белдсенділігін шыңдап тұру – қажет-ақ.
Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. Сондықтар азаматтар дұрыс тамақтанып, жиі спортпен айналысуы қажет,-дейді мамандар. Осындай мақсаттағы дәстүрлі жиындар алдағы уақытта қаладағы өзге де оқу орындарында өткізілмек. Осылайша белсенді өмір сүруді жеткіншектерден бастамақ ниетте.