Түркістан облысындағы елді мекендерді толық инфрақұрылыммен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр. Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі, Төрткүл елді мекенінде табиғи газ беру нысаны іске қосылды. Енді 8 мың тұрғын көгілдір отынмен амтылатын болады.

Ауыл тұрғындарының үлкен қуанышын бөлісуге арнайы келген өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындарды айтулы сәтпен құттықтап, халықты ауылдың дамуына өз үлесін қосуға шақырды.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстары 2022 жылы қыркүйек айында басталып, биыл қараша айында аяқталды. Келісім-шарт құны – 793,684 млн. теңге. Құжаттандыру жұмыстары толық аяқталған соң, ауылдағы 1497 үй толық көгілдір тынмен қамтылады.

Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 9-ы табиғи газбен қамтылған. Қамту деңгейі 21,6 % құрайды. Қазіргі уақытта 25 елді мекенде 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл 14 елді мекенді табиғи газға қосып, қамту деңгейін 45,1%-ға жеткізу жоспарланып отыр.