Түркістан облысының тәртіп сақшылары діни кітаптарды заңсыз сатқан азаматты қолға түсірді. Ол облыс орталығындағы базарлардың бірінде кітапты ашық саудалаған. Күдікті Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жобада әшкереленді.

 Полицейлер облыс орталығындағы базарлардың бірінде діни сипаттағы 13 дана кітапты тиісті рұқсатсыз сату дерегін айқындады. Тәркіленген әдебиеттерді Түркістан қаласының Дін істері басқармасына сараптамаға жіберді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің  490-бабы  1-бөлігі 3-тармақшасымен "Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" әкімшілік хаттама толтырылды.

 Түркістандағы студенттер жатақханасында инттердің көмегімен рейд жүргізілді. Тәлімгерлердің есірткі пайдалану дерегін әшкерелеу бойынша қолға алынған шарада бірде-бір қылмыстық әрекет байқалмады. Жастар арасында есірткіге әуестікті сейілту мақсатында өткен шарада студенттерге түрлі ақыл-кеңестер берілді. Салауатты өмір салтын ұстану ұсцынылды.

Есірткімен күрес – қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі саналады. Елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар есірткінің қай түрі болса да адамның ағзасын улап, тәуелділікке душар ететіндігін нарколог дәрігерлер айтып түсіндіруде. Яғни синтетикалық есірткіден өсіп келе жатқан жастарды қорғаудың маңызы зор.