Түркістан облысында экономикалық өсім артып келеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар облыстық мәслихат депутаттарының оң бағасына ие болды. Кезекті сессия отырысында аймақтың даму көрсеткіштері мен түрлі салалардағы атқарылған жұмыстар талқыланды. Депутаттар өңірдегі оң өзгерістерге тоқталып, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.
Жыл басынан бері өңірге 614 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылып, бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 150 пайыздан жоғары өсім көрсеткен. Ал шетелдік инвестиция көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Қазір облыста жалпы құны 2,8 триллион теңгені құрайтын 122 ірі инвестициялық жоба жасақталған. Бұл бастамалар алдағы жылдары 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде ондаған инвестициялық жоба іске қосылып, жүздеген жаңа жұмыс орны құрылды. Облыстық мәслихат депутаттары өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, әлеуметтік-экономикалық дамуды одан әрі жандандыру бағытында ұсыныстарын ортаға салды. Айтуларынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңірдің экономикалық әлеуеті күн өткен сайын дамып келеді.Қазір өсім 23,3 пайызға жетіп отыр.Яғни аймақ өңірлер арасында бірінші орынға шықты.