Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды тұғырнамасының бір тармағы ауылға арналған.Осы мақсатта қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы халықтың әл-аухатын арттырып отыр. Мысалы Түркістан облысы Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, компютерлік қызмет көрсету орталығын ашып, елге көмектесіп келеді.  

Ізбасар Баймағамбетов тағдыр тауқыметімен арбаға таңылған. Қиындыққа мойымаған қайсар жігіт жастарды қолдауға арналған бағдарламаға бизнес жоба ұсынып, бір млн 380 мың теңгенің грантына ие болды. Оған компьютер, түрлі түсті екі принтер, фотоаппарат және өзіне қажетті құрал-жабдықтар алған. Жергілікті билік оған жастар орталығынан орын берген. Мүмкіндігі шектеулі жігіттің алдыға қойған жоспары көп.    

ІЗБАСАР БАЙМАҒАМБЕТОВ, ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ

–Egov-тың қызметі, ключ ашып беремін. Фотошоппен жұмыс жасаймын. Боямақтар шығарамын. Тойға шақыру қағаздарын шығарымын. 3-4 сурет.Компютерлерді жөндеймін. Монтаждаймын. Уиндоус орнатып беремін.Болашақ жоспар осыны кеңейтіп плоттер ашам деп отырмын. Афиша банер шығаратын.

Мемлекет басшысы сайлау алды бағдарламасында ауылды дамытуға ерекше көңіл бөлді. Соның негізінде іс бастаймын деген жігерлі жастарға бизнес жобалары негізінде қайтарымсыз грант беріліп жатыр. Олардың дені аяқ-киім, жүн өңдеу цехы, наубайхана, көлік жөндеу орындарын ашқан. Пилоттық жоба әсіресе ауыл жастары үшін тиімді болып тұр.

ДІНМҰХАМЕД ОСПАНОВ, ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ

- Қайтарымсыз кредит 1 млн 380 мыңды алып мына станокты алдық. Осына ары қарай дамытып жатырмыз. Темір аламыз металдан жинақтап өзімізге керегін. Сны өңдеп халыққа  керекті болт,гайкісін керекті фтулька ,шайбысын басқа да керекті нәрселерін сұранысқа қарай жасап береміз.

Президентіміздің тікелей қолдауымен қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарлама негізінде Созақ ауданында 32 азамат қайтарымсыз несие алып іс бастаған. Оның дені ауыл жастары мен атаулы әлеуметтік көмек алатын жандар. Оған қоса зейнет жасына жақындап жұмыс таба алмай жүрген азаматтар да осы бағдарламаның шарапатын көруде.

ОЛЖАС САТЫБАЛДИЕВ,СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Мемлекет басшысының  басты назарда ұстап отырғаны жастарды осы кәсіпкерлікке баулу.Жастарды жалпы жұмыспен қамту мәселесі.Оларға жәрдемдесу мақсатында жастар практикасы бағдарламасы жүзеге асып келе жатыр. Жастар бойынша 320 азаматты билы қамтимыз.Одан кейін зейнет жасына дейінгі азаматтарды «Күміс жас» бағдарламасымен қамту жоспарланған.

Түркістан облысында биыл кәсіпкерлікті дамытамын деген 3 мыңға жуық азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылады. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында айтылған басты бағыттардың бірі.