Желтоқсан айынан бастап шымкенттіктер арзан таксимен жүре алады. Ия, ия сіз шалыс естімедіңіз. Арзан такси бізде де болады. Анау қоғамдық көліктерге төлем жүйесін енгізген компания бар ғой? Сол енді «Төлем  такси» дейтін сервистік қызмет ойлап шығарыпты. Компания басшысы жобаны желтоқсан айынан бастап іске қосуды жоспарлап отыр екен. Жүзеге асып жатса басқа такси қызметіндегі компаниялардың жолақысы да түсіп қалар? Әріптесім  жаңа жобаның қыр сырымен танысып қайтқан еді.


Бұған дейін шымкенттік жүргізушілер шетелдік такси қызметінің ақысы жоғары екенін айтып шағымданған. Қолайсыз ауа-райы кезінде бағасы қымбаттап қалтадан қағатынын жеткізген. Енді тұрғындар желтоқсан айынан бастап «Төлем такси» қосымшасын қолдана алады.  

Нарықта бәсекелестік болса ол бағаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыны ескерген Төлем компаниясы «Төлем такси» сервистік қызметін іске қоспақшы. Бұл жоба жүргізуші ге де жолаушыға да тиімді болмақ. Себебі мұнда жолақысы өзге компанияларға қарағанда арзан болады.  Компания басшысы жаңа қосымшаның 2 ГИС картасы арқылы жұмыс жасайтынын айтады.

Сервистік қызмет әзірге үшінші мегаполисте жүзеге асырылмақ. Жоба авторлары бастапқыда  кемшіліктер болуы мүмкін екенін ескертеді. Олқылық анықталса дер кезінде жайылатынын айтады.   

«Төлем такси» жобасы аясында компания такси жүргізушілерінің құрылтайын ұйымдастырмақшы. Онда саладағы өзекті міселелер көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады. Сондай-ақ такси жүргізушілеріне жобаның қыр сыры түсіндіріледі.   

Айта өтейік, бұған дейін Төлем компаниясы Шымкенттегі қоғамдық көліктерге жолақы төлеудің электронды түрін енгізген болатын.  Осының нәтижесінде автопарктердің табысы артқан.