Қызылшаның бұлайша жер-жерде өршуі, балалардың жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алғандығынан болып отыр. Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Сондай-ақ, қызылша ауруы бойынша елімізде эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз екенін жеткізді.

Ажар Ғиният қазір әлемнің 167 мемлекетінде қызылша жұқтырғандардың көрсеткіші тым артқан деді. Сонымен қатар көптің күдігін тудырған Үнді вакцинасына қатысты сауалға жауап берді. Қазақстанда қызылшаға қарсы тиімділігі дәлелденген үнді вакцинасын 10 жылдан бері қолданып келеміз. Осы жылдар ішінде жанама әсер немесе асқынулар болмағанын айтты. Оған қоса үндістандық екпені бізден өзге 70 ел пайдаланып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және балаларға қолдануға ұсынылған, деді министр.