Жыл соңында Шымкентте 60 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Қазірдің өзінде жасыл қалада  20 мың  шыбық  қондырылған. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен тағы қандай шаруалар атқарылған?

 Күзгі ағаш отырғызу маусымына орай ағымдағы жылы 51 348 дана жай жапырақты, 9 586 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылады. Жұмыстар желтоқсан айында толық аяқталады деп күтілуде. Айтқандай қысы жылы жазы ыстық мегаполисте енді қылқан жапырақты емес емен, қарағаш, үйеңкі сияқты саясы мол болатын көшеттер көбірек қондырылады.

Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көшелер бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан ағымдағы жылы 110 су ұңғымасын қазу жоспарланған. Қазіргі уақытта 84 ұңғымалар қазылған. Көшет суаруға ауызсу емес ұңғымалар арқылы жерасты суы пайдалынылады.  Айтқандай басқарма тарапынан қыс мезгіліне де дайындық күшейтілген. Өткен жылы екі күн толассыз жауған қар қала көшелерін апта бойы мұзға ораған болатын.

Ағымдағы жылы қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы  техникасы дайындалған. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайып отыр. Жалпы инертті материалдар қоры: Құм- 31594м3. Тұз- 6690 тонна.