Елімізде азаматтар үшін емханаға тіркелу науқаны аяқталды. Дәстүрлі тоқсандық аясында тұрғындар 61 емханаға тіркеліп үлгерді. Олардың қатарында шетелдік 6мың, 300-дей қандасымыз бар. Өкінішке орай, Шымкентте 242 мың азамат әлі де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлемеген. Мұндай жағдайда олардың медициналық көмек алуы қалай болмақ?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – ортақ қазына. Сондықтан оны толтырып отыру – әркімнің азаматтық борышы. Сантандырылған азаматтың құқықтық мүмкіндігі де кеңейе түседі. Оның алғашқысы – емхана таңдау өз еркінде.

МӘМС қарапайым тұрғындар үшін емес, медициналық қызметкерлерге де оң ықпал етіп отыр. Қазір дәрігерлердің жалақысы 160 мыңнан 450 мыңға көбейген. Орта буын қызметкерлері 250 мың теңгедей жалақы алып отыр. Сондай-ақ, мамандардың біліктілігін арттыру, медициналық жабдықтардың қолжетімділігі де арта түскен.

Ортақ қазынаның көмегіне жүгінетіндер негізінен – орта топ азаматтары. Қазір осы игіліктің арқасында дене мүшелерін трансплотациялау ісі қарқын алған. Биыл алғаш рет жүрек алмастыру отасы жасалғаны сөзімізге дәлел.