«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шымкенттік әйелден синтетикалық есірткі затын анықтады.Өзімен бірге заңмен тыйым салынған затты алып жүрген әйелді полицейлер Сарыағаш қаласындақұрықтады. Тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан, ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана пакет табылды.

Одан әрікүдікке ілінген тұрғынның үйін тінту барысында синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 2 дана пакет, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат, салмағы 20 грамнан асатын «мефедрон» синтетикалық есірткісі болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша тіркеді. Қазіргітаңдасотқадейінгітергеуамалдарыжүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тәртіпсақшыларыменанықталатынболады. Күдікті қамауда.