Шымкентте тұмау мен қызылша ауруы өршіп тұр. Қазірдің өзінде 200 ге жуық адам қызылшамен күресіп ауруханада жатыр. Жалпы жұқтырғандар саны күн санап артуда. Өсы өзекті мәселе баспасөз брифингінде талқыланды.

Шымкент қаласында қызылша ауруымен 2018 жылы – 8 жағдай, 2019 жылы – 3091 жағдай, 2020 жылы – 873 жағдай тіркелді, 2021 және 2022 жылдары Шымкент қаласында қызылша ауруы тіркелмеген. Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 194 пациент жұқпалы аурумен арпалысып жатыр. Оның 29 ересек, 165 бала.  2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға күдіктенудің 6641 жағдайы тіркелді, 3021 жағдайда диагноз расталыпты.

Қызылшамен күрестің тиімді жолы вакцина. 16 қарашадан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға жаппай иммундау басталды. Жаппай иммундауға  6 айдан 11 ай, 2 жастан 4 жасқа дейінгі және медицина қызметкерлері жатады. Қызылшаға жаппай иммундау жергілікті емханаларда тегін жүргізіледі. Шараны  өткізу үшін 187 егу пункті ұйымдастырылып, 49 көшпелі егу бригадасы жасақталған. Вакцинация міндетті десекте екпеге тиым салынған азаматтарда бар.

Вакциналау – белгілі бір жұқпалы аурудың алдын алу үшін қолданылатын әдіс. Ол адам организміне арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы жүзеге асады. Вакциналау арқылы көптеген сырқаттардан сақтануға болады.Ислам дінінде екпе жасауға тыйым салынбайды. Осыны түсіндіруге бұл жиынға қаланың бас имамы да арнайы келді.

Ағымдағы жылдың басынан Шымкент қаласында қызылша ауруы 3021расталған диагнозымен тіркелді.Ауырғандардың ішінде 2568 жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар ауырып, 84,9% құрады.