Шымкент қаласында 31 су басу қауіпті аймақ бар. Әсіресе көктемде таудағы қар еріп өзен-көлдер арнасынан асып жатады. Салдарынан айналасындағы елдімекен тұрғындары әбігерге түседі. Мұндай олқылықтың алдын алу үшін  төтеншеліктер ерте қамданады. Сайманын сайлап, жеке құрамның дайындығын пысықтайды.  Осы  мақсатта төтенше жағдайлар департаменті «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізген  еді. Құтқарушылардың дайындығы жайында сюжеттен көрейік.
КСМ: Күн жылынып, көктем шыққан соң коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай департаментінің мамандары үшін нағыз қарбалас басталады. Қыс бойы қармен алысқандар енді су тасқынына қарсы сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Төтеншеліктер мен өзге де тиісті мекемелер арасында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
ШУМ: Сирена немесе адамдардың автобуспен отырған сәті.
КСМ: Жаңбырдың салдарынан Нұрсат шағын ауданы, Кәусар көшесіндегі сай салаға суға толды. Салдарынан айналадағы үйлерге су басу қауіпі туындады. Мұндай жағдай жауын жауған сайын орын алады дейді қараша. Айтуларынша ағын суды төтеншеліктер арнайы сорғымен сорып алып кетіп отырады екен.
Спикер: Әсет Өзгелдиев – қала тұрғыны
0488: 01-49/01-55
Спикер: Еркінбек Салтаев - қала тұрғыны
0563: 00-50/01-12
КСМ: Шымкент қаласында су басу қауіпі бар 31 орын анықталған. Оның екеуі  Қаратау ауданында. Төтенше жағдайдың  алдын алу және зардаптарын жою үшін департамент оқу жаттығуды Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе өткізді.
Спикер: Рахымберді Мүлкеманов – Қаратау ауданының әкімі
0524: 01-31/01-45
КСМ:  «Көктем-2024» республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы еліміздің әр аймағында өтті.  Негізгі штаб Ақтөбе қаласында орналасқан. Жаттығу барысында қалалық төтенше жағдайлар департаменті бар техникасын сайлап, тасқын суға қарсы кезекті дайындығын пысықтады.
Спикер: Еркін Отарғалымұлы – Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
0482: 00-57/01-53
КСМ:  Жаттығу барысында  шартты түрде жиналған жаңбыр суына бөгет қойылып, зардап шеккен тұрғындар 130-шы мектептің базасында орналасқан қабылдау пунктіне жайғастырылды.  Айта өтейік, оқу-жаттығуға 246  құрылым мен 49 техника жұмылдырылды.