Сондай-ақ президент үкіметтің кеңейтілген отырысында  көлік лоистикасын жаңғыртуды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет екенін айтты. Саланың  тиімді жұмыс істеп, әлеуетін арттыру үшін Көлік министрлігі құрылды деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
2028 жылға қарай елімізде 1,3 мың шақырым темір жол желісі қалыпқа келтірілмек. СОндай-ақ  сала қарқынды түрде цифрландырылады.  Бұл қадам оның тиімділігі мен өнімділігін едәуір арттыруға, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік бермек.
 Жиында президент автожол саласындағы проблемаларды тізіп шықты. Мәселен«Астана – Балқаш – Алматы» тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп бітпеген. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатқан маңызды жобаның созбалаңға салынғанын  сынға алды.
 Жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек. Республикалық немесе аймақтық жолдың бәрі сапалы болуы керектігін айтқан Президент әзірге жағдай мәз емес екенін жеткізді.