Шымкенттегі Қажымұқат атындағы орталық стадионда волейболдан жасөспірімдер арасындағы кезекті ашық біріншілік тартысты басталды. Оған қаламыздан волейбол спортын дамытып отырған командалар мен Ақтөбе облысының құрамасы қатысып, бақтарын сынауда.
 Шаршы алаңда бақтарын сынап жатқан жасөспірім қыздар бірінші кезекте Шымкент қаласының құрамасына лайық спортшыларды анықтайды. Қазір спорт бағытындағы бірқатар спорт мектептерінің басшылары ауысты. Осы ретте, Шымкент қаласының No18 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Карибаев «Спорт- есірткіге қарсы» ұранымен спорттық іс-шара ұйымдастырды. Оған 2011-2012 жылғы туылған жасөспірім қыздар бақтарын сынап, іреуден өтуде. Бүгінде мегаполис шаһарымызда жастар арасында қолжетімді болған волейбол спортын әлемдік деңгейде дамытуда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басқарма басшысы Ермек Дәрменов басқарманың атқарып отырған игілікті істерін жан-жақты айта өтті.
 Екі топ бойынша іріктеу сайысында Шымкент қаласының No13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Металлург» командасы осы
мектептің «Стадион» командасы екеуі ақтық сында бас жүлдені сарапқа салады. Өйткені волейбол спорты жасөспірімдер арасында қолданыстағы кең тараған спорт түрі болып табылады. Білікті басшы Мұзрафша- Жахангир Аблаев басқаратын спорт мектебінің тәжірибелі волейбол маманы Елена Мотинаның талантты шәкірттері ақтық сынға шығулары мүмкін. Дарынды волейболшы қыздар жеңіске деген құштарлықтары мықты. Енді ақтық бәсекедегі тартысты ойындар өтеді деп жоспарлануда.