Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласының даму динамикасы жыл санап артып келеді. Халық  саулығын жақсарту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асып, тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасалған. Осы орайда биыл бірнеше мдициналық орталық ашылып, жедел жәрдем станциясы 25 көлікпен толығады. Саладағы жаңалықтарды әріптесімнің сюжетінен көрейік.  
Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында қалалық клиникалық балалар ауруханасында 180 төсекке шақталған жаңа корпус ашылды. Мұнда пульмонология, неврология, кардиоревматология, педиатрия және балалар стоматологиясы жұмыс жасайды. Сондай-ақ №1 Қалалық клиникалық ауруханада Қан-Тамыр және Интервенттік рентген хирургия бөлімшесі, ересектерге арналған стоматология кабинеті ашылды.
 Брифингте басқарма басшысы ковид вирусын жұқтырудың 19 жағдайы тіркелгенін де айтты. Денсаулық сақтау мамандары қазіргі таңда ковид вирусының әлсіз түрі жүргендікетен даурығуға негіз жоқ дейді. Деседе еліміздің бас санитары барлық медициналық ұйымдарда бетперде тағып жүруді міндеттепті.
 Сондай-ақ биыл 25 дана жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Сонымен қатар 4-ші санатта жедел медициналық көмек көрсететін емханаларға 14 дана автокөлік алу жоспарланған. Айта өтейік, биыл медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен үш миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.