Елімізде отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы бүгінгі таңда  өзекті. Мемлекет басшысы жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Бұл бағытта құқық қорғау органдары тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.  Ордабасы ауданында отбасылық құндылықтарды  дәріптеуге бағытталған форум өтті. Тақырыпты тілші тарқатады.
 «Елімізде күн сайын көптеген адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, ал жыл сайын жүздеген әйел заты өз күйеуінің қолынан қаза табады. Әке мен ана арасындағы ең әділ таразы-бала десек, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты көріп өскен баланың да психологиялық қалыптасу кезеңдері де дұрыс қалыптаспайтыны белгілі.Алғы сөз алған Аудан басшысы Азат Оралбаев форумның маңыздылығына тоқталды. Осы бағытта атқарылып жатқан шаруаларды әңгімеге арқау етті.
Отбасылық зорлық-зомбылықты алдын алуға, болдырмауға ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға, ауданның прокуроры, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы сонымен қатар мемлекет және   қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы арнайы келіпті.  Ардагерлер мен зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, білім саласының қызметкерлері мен аудан тұрғындары да көптеп келіпті.
Аймақтағы ерекше жобаның бірі  аудан әкімдігімен полиция бөлімі,қоғамдық ұйымдар бірлесіп «Ішімдіксіз – ауыл», яғни спирттік ішмідік сатпайтын, отбасылық жиын, мерекелерде тұтынбайтын жобаны қолға алды. Қазіргі таңда Қараспан, Шұбар ауыл округтерінде 4 елді мекен спирттік ішімдіксіз ауыл жобасына кіріп отыр. Полицияның дерегіне сәйкес, ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыс едәуір азайған. Бұл жоба кезең-кезеңімен ауыл округтерде іске асырылатын болады.